Қызметкерлер саны ұлғайған немесе еңбек ақысының қоры өзгерген жағдайда сақтандыру шартын қайта жасасу керек пе?

Егер сақтандыру шарты қолданылу мерзімі ішінде еңбек ақысының қоры және (немесе) қызметкерлердің штаттық саны өзгерсе, онда тараптардың келісімімен сақтандыру шарты қолданылуының қалған кезеңіне қосымша келісімді жасасу арқылы (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) сақтандыру шартына өзгерістер енгізіледі.

Сақтандыру сыйлықақысы еңбек ақысы қорының өзгертілген сомасынан және сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталуына дейін қалған кезеңінен шыға отырып, есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорциялы түрде есептелінеді.

Егер компания кәсіби тәуекелдің түрлі сыныптарына жататын қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырса, бұл жағдайда сыйлықақы қалай есептелінеді?

Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырған жағдайда, оны қызметтің негізгі түріне сәйкес келетін кәсіби тәуекелдің сыныбына жатқызуға болады.

Сақтанушы өндірістің жалпы көлемінде бірқалыпты бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрлерін жүзеге асырған жағдайда, ол кәсіби тәуекелдің едәуір жоғары сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызметтің түріне жатқызылады.

Қызметі бас компанияның қызметінен ерекшелінетін филиалдары болған жағдайда сыйлықақы қалай есептелінеді?

Сақтанушы қызметінен ерекшелінетін қызметті жүзеге асыратын сақтанушының филиалы (филиалдары) болған жағдайда, ол қызметтің кәсіби тәуекелінің сыныбына сәйкес келетін экономикалық қызметтің түріне жатады.

Бұл орайда филиал (филиалдар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түрі туралы дәлелі болуы тиіс.

Қандай кәсіпорындар қызметкерлерді өндірісте жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті?

Сақтандырудың осы түрі мемлекеттік мекемелерден басқа барлық жұмыс берушілер үшін сақтандырудың міндетті түрі болып табылады.

Міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 230-бабының 2-тармағына сәйкес – айыппұл салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға – 10 АЕК мөлшерінде,
  • лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына – 160 АЕК мөлшерінде,
  • шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 400 Аек мөлшерінде,
  • ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға – 1 000 АЕК мөлшерінде.