ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

onl.kz сайты (бұдан әрі - Портал) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын қашықтықтан жасасу мақсатында пайдаланушылармен интербелсенді өзара әрекеттесу үшін арналған «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның платформасы (интернет-ресурсы) болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өз қолтаңбасымен бірдей және бірдей заңды салдарына әкеп соғады.

Пайдаланушы ЭЦҚ арқылы Порталда орналастырылған сақтандыруға өтініштің электрондық нысанына қол қойып, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын (бұдан әрі – сақтандыру шарты) жасасуға өзінің сөзсіз келісімін білдіреді. Порталда қалыптастырылған және Пайдаланушымен жеке кабинетінде орналастырылған сақтандыру шартына Пайдаланушымен қол қоюы оның сақтандыру шартының талаптарымен сөзсіз келісуін білдіреді. Порталда ЭЦҚ арқылы пайдаланушымен қол қойылған сақтандыру шарты мен сақтандыруға өтініші Пайдаланушының жеке кабинетінде жүктеп алу үшін қолжетімді.

Тараптар Порталда қалыптастырылған және ЭЦҚ арқылы Пайдаланушымен қол қойылған электрондық құжаттар (сақтандыруға өтініш, сақтандыру шарты және т.б.) қағаз жеткізгіштегі құжаттармен бірдей екендігін растайды.

Егер Пайдаланушы «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның мөрімен қосымша куәландырылған қағаз жеткізгіштегі шартты алуға ниет білдірсе, онда сақтандыруға өтінішті толтырған кезде, «шартты жеткізу» опциясын басу керек.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Nomad Life» ӨСК» АҚ) 2007 жылдың 13 қарашада құрылған және 2012 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті берген № 2.2.47 лицензиясы негізінде өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін атқарады (Лицензия алғашқы рет 2008 жылдың 28 мамырында алынған).

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігіне келесі стандарттар бойынша сертификаттар алған:

  • ҚР СТ ISO 9001-2016 "Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар",
  • ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001-2015) "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша басшылық",
  • ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) "Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар".

«Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның жалғыз акционері Компания акцияларының 100%-на ие болған «НОМАД» сақтандыру тобы» ЖШС болып табылады.

«НОМАД» Сақтандыру Тобы» ЖШС-ның жалғыз үлескері - Мыңбаев Алмас Саятович.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП мүшесі болып табылады.

Толық